Рубрики
Новости

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы 

Қоғамымызда алаяқтармен өзге абыройлы азаматтарымыздың төл құжатын пайдаланып қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы мәселесі өзекті проблема ретінде орын алып отыр. Аталған атышулы проблеманы «Atameken Buisness» телеарнасының тілшілері көтеріп көпшілік қауымға паш етті https://youtu.be/wjZ3t47q_Jk .

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуыЕгер атыңыздан алаяқтар несие алып немесе өзгеде қаржы опреацияларын жасағандығы мәлім болса, бұл жағдайда дереу құқық қорғау органы, жергілікті полиция бөлімшесіне барып аталған құқық бұзушылық турала арыз шағым тастағаныңыз дұрыс. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 179 бабында қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі және құқық бұзушылық туралы арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.

Өкінішке орай құқық қорғау органдары қылмыстың бұл түрімен айналысуға асығар емес жазған талап арызыңыз бірер ауқыттан кейін қылмыс құрамының болмауы салдарынан қысқартылып іс тоқтатылады. Талап арызым құқық қорғау органдары қарамады деп өкінбеңіз өйткені сіздің полицияға жазған арызыңыз  Азаматтық сотта несие шартын заңсыз деп тану талап арызын бергенде өзінің септігін тигізеді.

Несие шартын заңсыз деп тану үшін, талап арызын Азаматтық соттқа берер алдын қаржы ұйымынан келесі ақпаратты алу абзал:

— қандай ұялы телефон нөмірінен қаржы ұйымына несие алу тапсырысы берілді;

— алаяқтың қандай электронды поштаны қаржы ұйымынан несие алу үшін көрсеткені;

— қаржы ұйымынан несие алу үшін алаяқтың сіздің қай құжатыңызды бергенін (Алаяқтар көбінесе жоғалқан құжаттарды көрстеді, сол себепті төл құжатыңыз жоғалғанда полицияға жазбаша арызданған абзал);

— қаржы ұйымы алаяқ несие алушының қандай дербес шоты арқылы несие алғаны, немесе қаржы ұйымы қандай шотқа несие сомасын жібергендігі жайлы ақпараты;

— қаржы ұйымы мен сіздің араларыңызда жасалған Несие шартының көшірмесі;

— бүгінгі күнгі  негізгі қарыз сомасын, пайыздық сыйақы мөлшерін және айыппұл мөлшерін анықтау қажет.

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуыЖоғарыда аталған мәліметтерді алып қаржы ұйымына сотқа дейінгі талап арызды жазып қаржы ұйымымының мекен жайына, электронды поштасына хабарлама жіберуге міндеттісіз. Өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 152 және 279, 402 баптарына сәйкес талап қоюшы заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса, және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, сот талап қою арызын қайтару туралы қаулы қабылдауға құзырлы.

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы

Қаржы ұйымына бағытталған сотқа дейінгі талап арызыңыз, сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібімен шешімін таппаса, онда сіз жергілікті тұрғын жеріңіз бойынша аудандық немесе қалалық сотқа несие шартын заңсыз деп тану, талап арызымен жүгіне аласыз.

Құрметті көрермен және оқырман қауым, біздің Заң және Құқық адвокаттық кеңсеміздің интернет сайтында https://www.zakonpravo.kz/   сізге керекті барлық процессуалдық арыздармен шағымдардың көшірмесін тегін түрде алуға болады. Сонымен қатар білікті заңгерлердің кез келген сізге қолайлы уақытта сіздің өміріңізде жайсыз орын алған азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, тегін заңгерлік кеңесін беруге сақадай сай дайын.

Тегін заңгерлік кеңесті келесі 8 708 971 7858, 8 727 971 7858 телефондарына қоңырау шалу арқылы алуларыңызға болады.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы

Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің Адвокаты

Тұрлыбекұлы Ғалымжан Саржанов

 

Скачать документ

Рубрики
Новости Статьи

Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданылады

Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданылады атты басты тақырыппен «Atameken Buisness» телеарнасына сұхбат бердім

«Atameken Buisness» телеарнасына Заң бұзған ломбардтар мен Қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданылады атты басты тақырыппен сұхбат берерден бұрын көрермен қауымға біздің Заң және Құқық адвокаттық кеңсесі 2013 жылдан бері қарай, күнделікті жүздеген қала азаматтарымен шектелмей, шетелдегі қандастарымызға да тегін заңгерлік кеңес берумен айналысып келеді https://youtu.be/Okx066Ww4GE .

Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданыладыСонымен, өткенге шолу жасап, 2020 жылдың 1-ші шілдесіне дейін біздің қоғамда Микроқаржы, Ломбард ұйымымен бірге Микрокредит серіктестіктері де орын алды№ Соңғылары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің 2020 жылғы Қаулысымен 2020 жылдың 1-ші шілдесіне дейін жұмыс жасады. Осыған дейін Ломбард, Микрокредит серіктестіктері көптеген заң бұзушылықтарға жол беріп, Қазақстан Республикасының Микроқаржылық қызмет туралы заңын белшесінен басып, бұл заңға бағынбаймыз деп жария салған болатын. Ломбард, Микрокредит серіктестіктері тарыпынан жіберілген заң бұзушылықтарының ызғары бүгінгі күнге дейін жетуде және біздің қоғамымыз сол уақыттың зардаптарын шегуде.

Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданылады

            Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінің 725-1 бабында көзделгендей берілген қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында берілуге міндетті делінген. Сонымен қатар қарыз шартында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде жазылуға (қамтылуға) тиіс деп дөп басып айтылған.

Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда жүз пайыздан аспауы керек. Сонымен қоса шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыппұлдың, өсiмпұлдың мөлшері өткен әрбір күн үшін 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспауы керек.

Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданыладыҚарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды.

Егер қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын, шарт жоғарыда айтылған талаптарыға сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз (заңсыз)  болып табылады деп тайға таңба басқандай айтылған.

Заң және Құқық адвокаттық кеңсесі Банк, Микроқаржы, Микрокредит, Ломбард, Нотариус және Жеке сот орындаушылардың тарпынан жіберілген заң бұзушулықтарына қарсы іс қимылдарыңызда таптырмас кемеңгер кеңесші ретінде өзінің тегін заңгерлік кеңесін әрдайым беруге дайын екендігін айта кеткіміз келеді. Тегін заңгерлік кеңес 8 708 971 7858, 8 727 971 7858 телефондарына қоңырау шалып ала аласыз.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы

Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің Адвокаты

Тұрлыбекұлы Ғалымжан Саржанов

Скачать документ

Рубрики
Новости Статьи

Бүгінгі күн көптен куткен күн болды!

Бүгінгі күн көптен куткен күн болды!

Мен, Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің адвокаты Ғалымжан Тұрлыбекұлы Саржанов «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының Медеу ауданы бойынша сайлауалды штабының беделді мүшесі бүгін Алланың қалауымен еліміздің «Nur Otan» партиясының төрағасы, ел ағасынан Алғыс хатын алдым, онда Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутатарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесім үшін алғыс білдірді.

Бүгінгі күн көптен куткен күн болды!

Бүгінгі күн көптен куткен күн болды!Сонымен қатар тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше екендігін атап айтты. Және алдағы уқытта  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық танытатыныма  сенім білдірді.

«Сізге және отбасыңызға зор денсаулық,амандық, бақ-береке тілеймін!» деген ізгі ниетпен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан АЛҒЫС ХАТ алып бір марқайып көңілім көкке жетті.

Әрине Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы бастауымен, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда барлық күш жігерімізді салып аянбай халқым үшін, елім үшін еңбек етіп тер төгуге дайынмын.

Бүгінгі күн көптен куткен күн болды!