Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / Әкімшілік құқық бұзушылық істері және даулары бойынша қорғаушы

Әкімшілік құқық бұзушылық істері және даулары бойынша қорғаушы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкімшілік құқық бұзушылық істері және даулары бойынша қорғаушы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама – мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, адамның және азаматтың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады. Осыған орай мемлекет Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кезкелген түрін алдын алу мақсатында азаматтардың барлық іс әрекеттерін жіті қадағалайды. Бігінгі таңда Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан мемлекет қазынасына түсетін түсімдердің тағы бір қайнар көзі болды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға тек уәкiлеттiк мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына  берілген және соттың қарауына жатады. Кезкелген  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша немесе іс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлсе қабылданған актiлер жарамсыз деп танылады және олардың күшi жойылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшейтетiн немесе жағдайын нашарлататын заңның керi күшi болмайды анығын айтқанда құқық бұзушылық жасалған уақыттағы жаза түрі жаңадан қабылданған заң бойынша жазаны ауырлататнын болса ондай заң сол әкімшілік іскте қолданылмайды. Алайда Сол қабылданған заң әкімшілік жазаны жеңілдететін болса сол заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстері бойынша Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес, кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi және оның пайдасына шешiлуге тиiс Ешкiмдi де нақ сол бiр құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері және даулары бойынша қорғаушы

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы