Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты, төрағалық етуші судья К.Қ.Дуанбекова, мемлекеттік айыптаушы-прокурор А.Бакашбаевтың, жәбірленушілер: Ш.Е.Ы, А.Ш, А.С.П, М.Ә, қорғаушы адвокаттар: Г.Саржанов,  Н.Амангелдінің, сотталушылар: Б.С.О мен Қ.Б.И қатысуларымен ашық сот отырысында, жалпы тәртіпте дыбыс-бейнежазба құралдарын қолданып, электронды форматта қылмыстық іс қарады, ол бойынша: ИҚБ, 13 сәуір 2003 жылы Түркістан облысында туған, орта білімді, некеде тұрмайтын, жұмыссыз, тұрғылықты мекен-жайы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,  ауылы, М.Ә көшесі, №8 үй, бұлтартпау шарасы – «жеке кепілгерлік» қолданылған, айыптау актісінің көшірмесін уақытында алған, сотқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің (ары қарай-ҚК) 191-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен, 190-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен айыпталып берілген, ОБС, 23 тамыз 2002 жылы Түркістан облысында туған, орта білімді, некеде тұрмайтын, жұмыссыз, тұрғылықты мекен-жайы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ж ауылы, А көшесі, №4 үй, бұлтартпау шарасы – «жеке кепілгерлік» қолданылған, айыптау актісінің көшірмесін уақытында алған, сотқа ҚК-тің 191-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен айыпталып берілген. 1-көрініс. Сотталушылар Қ.Б.И пен Б.С.О 27 ақпан 2022 жылы сағат 19:00 шамасында тергеп-тексеру барысында анықталмаған «Шыңғысхан» (оған қатысты қылмыстық істен бөлек өндіріске бөлектенген) есімді достарымен бірге Алматы қаласы, Абай көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан «Сайран» көлінің саябағында болып, өздеріне қарама-қарсы келе жатқан кәмелетке толмаған С.Ы көрген. Сол кезде Қ.И, Б.О және «Шыңғысхан» үшеуі алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру қылмыстық ойлары туындаған. Өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Қ.Б.И, Б.С.О және «Шыңғысхан» есімді жігіт кәмелетке толмаған жәбірленуші С.Ы тоқтатып, ұялы телефоны және құнды заттарын беруін талап етіп, бермеген  жағдайда күш қолданатындарын айтып, қорқытып, өздерінің қылмыстық рөлдері бойынша «Шыңғысхан» кәмелетке толмаған жәбірленуші С.Ы 5000 теңге ақшалай қаражатын, құны 300 000 теңге тұратын маркасы «Aphone 11» ұялы телефонын, Б.С.О құны 10 000 теңге тұратын ұялы телефон құлақ қабын алып, Қ.Б.И С.Ы қарсыласқан жағдайда ұрып-соғатындарын айтып, оны қорқытып, қылмыстық ойлары аяғына дейін жеткізіп, оқиға орнынан бойтасалап, қылмыстық жолмен алған заттарды өздерінің пайдаларына  жаратқан.

Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Сөйтіп, осы қылмыстық іс-әрекеттерімен Қ.Б.И, Б.С.О және  «Шыңғысхан» кәмелетке толмаған жәбірленуші С.Ы заңды өкілі Ш.Ы 315 000 тенге мүліктік шығын келтіріп, тонау, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаған.    2-көрініс. Сотталушылар Қ.Б.И және Б.С.О 01 наурыз 2022 жылы сағат 21.00 шамасында Алматы қаласы, Абай көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан, «Сайран» көлінің саябағында болып, саябақта жалғыз отырған кәмелетке толмаған Е.Е.Т көрген. Сол кезде Қ.Б.И және Б.С.О алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру қылмыстық ойлары туындаған. Қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, Қ.Б.И және Б.С.О кәмелетке толмаған жәбірленуші Е.Е.Т қасына барып, ұялы телефоны мен құнды заттарын беруін талап етіп, бермеген жағдайда күш қолданатындарын айтып қорқытып, қылмыстық рөлдері бойынша, Қ.Б.И кәмелетке толмаған Е.Е.Т тиеселі құны 84 000 теңге тұратын маркасы «Samsung А11» ұялы телефонын, ал Б.С.О құны 10 000 теңге тұратын ұялы телефон құлақ қабын, ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бойтасалап, қылмыстық жолмен алған заттарды өздарының пайдаларына  жаратқан. Осы қылмыстық іс-әрекеттерімен Қ.Б.И және Б.С.О кәмелетке толмаған жәбірленуші Е.Е.Т заңды өкілі А.Ш 94 000 тенгеге мүліктік шығын келтіріп, тонау, яғни бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. 3-көрініс. Сотталушылар Қ.Б.И пен Б.С.О 05 наурыз 2022 жылы кешкі сағат 23.00 шамасында Алматы қаласы, Абылай хан көшесі мен М.Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан кіші саябақта болып, саябақта жалғыз демалып отырған А.П көрген. Сол кезде Қ.Б.И пен Б.С.О алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру қылмыстық ойлары туындаған. Өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, Қ.Б.И пен Б.С.О жәбірленуші А.П қасына барып, ұялы телефоны мен құнды заттарын беруін талап етіп, бермеген жағдайда күш қолданатындарын айтып, қорқытып, өздерінің қылмыстық рөлдері бойынша, Б.С.О жәбірленуші А.П тиеселі құны 82 000 теңге тұратын маркасы «Xiaomi Redmi» ұялы телефонын тартып алып, ал Қ.Б.И «қарсыласқан жағдайда ұрып-соғамын» деп қорқытып, қылмыстық ойлары аяғына дейін жеткізіп, оқиға орнынан бой тасалап, қылмыстық жолмен алған заттарды өздарының пайдаларына  жаратқан. Өздерінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерімен  Қ.Б.И пен Б.С.О жәбірленуші А.П 82 000 теңгеге мүліктік шығын келтіріп, тонау, яғни бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. 4-көрініс. Сотталушы Қ.Б.И 11 наурыз 2022 жылы сағат 22.00 шамасында «Шыңғысхан» есімді досымен бірге Алматы қаласы, Абылай хан көшесі мен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамада болып, сол аялдамада жалғыз тұрған М.Ә көрген. Сол кезде Қ.Б.И және «Шыңғысхан» алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің ұялы телефонын алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолмен алу қылмыстық ойлары туындаған. Өздерінің ойластырған қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, Қ.Б.И және «Шыңғысхан» жәбірленуші М.Ә қасына барып, ұялы телефонын қоңырау шалып алуға сұраған. Сол кезде М.Ә өзінің құны 140 000 теңге «Виво Е21» ұялы телефонын Қ.Б.И берген, Қ.Б.И ұялы телефонмен қоңырау шалып жатқандай болып, шет жаққа қарай кетіп қалған, ал «Шыңғысхан» М.Ә сөзге айландырып тұрып, оның сенімін теріс пайдаланып, алдап Қ.Б.И екеуі оқиға орнынан бой тасалаған.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерімен  Қ.Б.И және «Шыңғысхан» жәбірленуші М.Ә 140 000 теңгеге мүліктік шығын келтіріп, алаяқтық, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, алдау немесе сенімді теріс пайдаланып бөтеннің мүлкін жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. 5-көрініс. Сотталушылар Қ.Б.И, Б.С.О және «Шыңғысхан» 11 наурыз 2022 жылы сағат 23:30 шамасында Алматы қаласы, Жібек жолы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан кіші саябақта болып, өздеріне қарама-қарсы келе жатқан А.С көрген. Сол кезде Қ.Б.И, Б.С.О және «Шыңғысхан» алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру қылмыстық ойы туындаған. Өздерінің ойластырған қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін,  Қ.Б.И, Б.С.О және «Шыңғысхан» А.С тоқтатып алып, ұялы телефонын беруін талап етіп, бермеген жағдайда күш қолданатындарын айтып қорқытып, өздерінің қылмыстық рөлдері бойынша «Шыңғысхан» А.С құны 220 000 теңге тұратын маркасы «ВИВО Х5» ұялы телефонын тартып алған. Ал Қ.Б.И пен Б.С.О жәбірленуші А.С ұрып-соғып, дене жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бойтасалап, қылмыстық жолмен алған заттарды өздерінің пайдаларына  жаратқан. Жәбірленуші А.Саяновқа тағайындалған 11.03.2022 жылғы №25-13/986 санды қортындысына сәйкес: төменгі еріннің шырышты қабығының көгерген жарасы, жоғарғы еріннің шырышты қабығындағы қан құйылулар, олар шектелген жанасу беті бар доғал қатты заттың әсерінен болуы мүмкін, аталған дене жарақаты 21 тәуліктен аспайтын денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуы негізінде істің мән жайында көрсетілген уақыт денсаулыққа «жеңіл» зиян келтірілген. Осы қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерімен Қ.Б.И, Б.С.О және «Шыңғысхан» жәбірленуші А.С 220 000 тенгеге мүліктік шығын келтіріп, тонау, яғни бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. Барлық көріністер бойынша жәбірленушілердің шығындары орнына қойылған. Сотқа сотталушы Б.С.О төрт көрініс бойынша да кінәсін толық мойындап сотталушы Қ.Б.И көрсеткіштеріне тектес жауап беріп, жәбірленушілерге келтірілген шығындар орынына қойылғанын айтып, жәбірленушілер өздерін кешіргендерін, бұрын сотты болмағанын ескеріп, өзін қатаң жазаламауды соттан сұрады. Тергеу органдары сотталушы Қ.Б.И қылмыстық іс-әрекеттерін  ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен, 191-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен саралаған. Тергеу органдары сотталушы Б.С.О қылмыстық іс-әрекеттерін  ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен саралаған.

Сотталушылардың жасаған қылмыстық іс-әрекеттері ҚК-нің 11-бабының 3,4-бөліктеріне сәйкес ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот, ҚР ҚПК-нің 340-бабына сай, басты сот талқылауында тек сотталушыларға қатысты және олар сотқа берілген айыптау актісінің шегінде қарап, іске тіркелген құжаттарды зерттеп, дәлелдемелердің жиынтығын, қылмыстың жасалу тәсілін, уақыты мен орнын негізге алып, сотталушылардың қылмыстық әрекеттері дұрыс дәрежеленген деп тапты. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысының 2 тармағына сәйкес, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дәрежесін анықтаған кезде соттар ҚК-нiң санкциясында көзделген оның ауырлығын, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған кездегі мән-жайлардың (жасау тәсiлi, кiнәнiң түрi, себептер мен мақсаттар, іс-әрекеттің аяқталу кезеңі, туындаған зардаптардың қоғамға қауiптiлiк дәрежесi және т.б.) жиынтығын ескеру керек. Жазаның түрі мен мөлшерін белгілегенде, сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, келтiрiлген зиянды, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын ҚК-нің 52, 53, 54-баптарында көрсетілген мән-жайларды, кінәлінің жеке басына қатысты мәліметтерді назарға алды. ҚК-нің 53-бабының талаптарына сай, сот сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайы ретінде олардың өкініш білдіріп, кінәларын толық мойындағанын, тұрғылықты жерінде жақсы мінезделетінін, бұрын сотты болмағандарынын, келтірілген шығынды орнына қойғандарын назарға алды. ҚК-нің 54-бабының талаптарына сай, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар тергеу органымен және сотпен анықталған жоқ.

Алаяқтық және Тонау қылмыстарын бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасағаны үшін сот көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындады

Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi, немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн, не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы, не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн екендігі ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігінде бекітілген. Сотталушылар Қ.Б.И пен Б.С.О жағымды жағынан мінезделетіндері, айыптарын мойындағаны, шын ниеттерімен өкінгендері, бұрын сотты болмағандары сот үкімінде жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныла отырып, жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да және жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесінің төмен екенін және сотталушылардың оң әлеуметтік-адамгершілік бейнесін айғақтайтын жасалған іс-әрекетке, сотталушылардың жеке басына қатысты өзге де мән-жайлар, ерекше мән-жайлар - деп танылуы, Заңмен рұқсат етілген. Ерекше мән-жайлар болған кезде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаудың өзі адамға төменгі шектен төмен жазаны тағайындауға кедергі болмайды. Осыған орай, сотталушыларға жаза тағайындағанда сот жәбірленушілердің оларды кешірген пікірлерін ескеріп, оларға бас бостандығын айыру жазасын, ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігіне сай, ҚК-тің 191-бабының 3-бөлігі 2)-тармағымен көзделген жаза мөлшерінің ең төменгi шегінен төмен жаза тағайындауға негіз бар деп тұжырымдады. Себебі, сотталушылар бұрын сотты болмаған, алдын ала тергеп-тексеру барысында жәбірленушілермен татуласып, келтірген шығындарды толық өтеген, тұрғылықты жерлерінде жақсы жақтарынан мінезделеді. Сонымен бірге, сотталушылардың қылмыстық әрекеттері пайдакүнемдік сипатта болуына байланысты мүліктері тәркіленуі тиіс, дегенмен ҚК-тің 48-бабының талабына сай, қылмыстық жолмен табылған, не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктері тергеу органдарымен анықталмағандықтан, сотталушыларға бұл қосымша жазаны қолдануға негіз жоқ сот есептеді. Сотталушылар Қ.Б.И пен Б.С.О 2022 жылы наурыз айының 15-нен-17-сі аралығында күзетпен ұстауда болған уақыты ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігі 2)-тармағына сай, бас бостандығын айыру түріндегі жазаның бір жарым күнін өтегені болып есептелуге жатады. Сотталушылар Қ.Б.И пен Б.С.О қолданылған «жеке кепілгерлік» түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше «күзетпен ұстауға» өзгертіліп, сот залынан қамауға алынуға жатады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында қойған азаматтық талабынан жәбірленушілердің келтірілген шығынның өтелгеніне байланысты талап арызынан бас тартуын қабылдауды сұраған арыздары, ҚПК-нің 170-бабы 1- бөлігі 4)-тармағында көзделген тәртіппен шешіледі. ҚР ҚПК-нің 178-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушылар Қ.Б.Илес пен Б.С.Оразбайдан мемлекет кірісіне процестік шығындар өндірілуге жатады. Сонымен қатар, ҚК-тің 98-1, 98-2 баптарының негізінде Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге арналған өтемақы қорына сотталушылардан 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде мәжбүрлі төлемді өндіру қажет. Айғақ заттың тағдыры, ҚПК-тің 118-бабы 3-бөлігіне сәйкес шешілуі қажет деп есептеп, ҚПК–нің 387-390, 393, 395-398, 401- баптарын басшылыққа ала отырып, сот Үкім етті: ИҚБ ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. ИҚБ ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылсын. ҚР ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігі негізінде, ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 2)-тармағымен көзделген ең төменгi шектен төмен жаза ретінде ИҚБ 2 (екі) жыл 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талаптарына сай, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті ИҚБ 2(екі) жыл 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленсін. ОБС ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылсын. ҚР ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігі негізінде, ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 2)-тармағымен көзделген ең төменгi шектен төмен жаза ретінде ОБС 2 (екі) жыл 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленсін. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін. ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігі 2) тармағына сай, сотталғандар: Қ.Б.И пен Б.С.О 2022 жылы наурыздың 15-нен 17-сі аралығында, 2022 жылы 17 маусымнан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстауда болған уақытының бір күні бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні есебімен жаза мерзіміне есептелсін. Сотталғандар Қ.Б.И пен Б.С.О «жеке кепілгерлік» түріндегі бұлтартпау шарасы «күзетпен ұстауға» өзгертіліп, олар сот залынан қамауға алынсын. Жәбірленушілер: Ш.И, А.К.Ш, А.П, А.С.С, М.Ә азаматтық талап қоюдан бас тартулары қабылданып, ол бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.

#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғаушы Компаниясы #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан