Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Апеляциялық шағым Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарашасындағы үкіміне

Апеляциялық шағым Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарашасындағы үкіміне

Апеляциялық шағым Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарашасындағы үкіміне

Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (727) 971-78-58.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына Алматы қаласы, Қазыбек Би көшесі, 66 үй. 0201@sud.kz 8 (727) 330-91-82 Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович № 6 заң алқасы Сотталған: ....... Мақсат Әлібайұлы 01.06.1996 ж.т.  ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА 155/18 мекемесінде жазасын өтеуде

Апеляциялық шағым

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 ж. 30 қарашасындағы үкіміне

2021 жылы 30 қарашасында Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрамында: төрағалық етуші судья Е.Қ.Майшынов сот отырысының хатшысы Н.Нұрланұлының қатысуымен ашық сот отырысында үкім етті: ........... Мақсат Әлібайұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. .......... Мақсат Әлібайұлына жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімі үкiм заңды күшiне енгеннен бастап есептелсін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 62 бабы 3 бөлігі 1 тармағына сәйкес 2021 жылғы 03 тамызынан бастап үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты барынша жоғары қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылсын. Бөріқұл Мақсат Әлібайұлының «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы үкім күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалдырылсын.

Апеляциялық шағым Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарашасындағы үкіміне

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 98-2 бабының 5 тармағына сәйкес ............ Мақсат Әлібайұлынан – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш, яғни 87 510 (сексен жеті мың бес жүз он) теңге мөлшерінде жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін. ........... Мақсат Әлібайұлынан мемлекет пайдасына процессуалдық шығындар 32 702 (отыз екі мың жеті жүз екі) теңге өндірілсін. Аталған сот үкімімен келесідей мән-жайларға байланысты келіспейміз: Себебі сотқа дейіңгі тергеп тексеру барысында, анықтаушы М.Ә............ ұстаған кезде тінту тергеу әрекеті барысында есірткі салынған пакеттерді ашқан жоқ, сонымен қатар қудалау органы М.Ә............ 2 тәулік заңсыз бейтаныс пәтерде ұстап отырған. Алайда аталған фактілер аудандық сот назарына алған жоқ. Сонымен қатар М.Ә.Бөріқұл кінәсі толық дәлелденбеген деп санаймыз.

Тағайындалған жаза негізсіз және тым ауыр деп санаймыз. Сот тек бір жақты шешім шығарған деп есептейміз. ҚР ҚПК-нің 414 бабына сәйкес үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып және Қазақстан Республикасының ҚПК 48-тарауын басшылыққа ала отырып, Соттан сұраймын: o   Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 ж. 30 қарашасындағы үкімі - жойылсын; 

Құрметпен,қорғаушы ________________/ Саржанов Г.Т. "___"___________2021 жыл.