249-бап. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қазақстан Республикасының аумағында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның биологиялық негіздеме негізіндегі рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсатында жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында жол беріледі
Интродукция деп өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру түсініледі.
Өсімдіктерді интродукциялау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Будандастырылған жануарларды табиғи ортаға интродукциялауға тыйым салынады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауына, реинтродукциялауына және будандастыруына тыйым салынады.
4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар мұндай жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау бойынша іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы