Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамауына уәж келтірілген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамауына уәж келтірілген.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамауына уәж келтірілген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» РМК «Б» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. Қойылған талапта тауардың атауы бөлігінде техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін тауарды жеткізіп, жауапкердің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамауына уәж келтірілген. Шымкент қаласы МАЭС-тің 2019 жылғы 4 маусымдағы шешімімен талаптарды қанағаттандырудан бас тартылған. Апелляциялық сатының 2019 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған. «Б» ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы болып танылды. Даудың мән-жайларынан белгілі болғандай, 2019 жылғы 12 сәуірде тараптар арасында веб-портал арқылы жалпы сомасы 1 654 506 теңгеге «Хлормисепт Люксті» жеткізу бойынша № 12 мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт (бұдан әрі - шарт) жасалған. Жауапкер талап етілетін сипаттамалары бар тауарды басқа өндірушіден және басқа атаумен, атап айтқанда «Дезостерил-ПРЕМИУМ» деп жеткізген, ал Шартқа қосымшада «Хлормисепт Люкс» деген атауы бар тауарларды жеткізу көзделген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамауына уәж келтірілген.

Қойылған талаптан бас тарта отырып, бірінші сатыдағы сот жауапкер тауарды тиісті техникалық ерекшелік бойынша ұсынғанын негізге алған: «Дөңес беті бар дөңгелек пішінді ақ түсті таблеткалар, айқыш тәрізді бөлгіш ойықтары бар, хлордың өзіне тән иісі бар, салмағы кемінде 2,7 грамм. Белсенді зат ретінде өнімнің құрамына дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзы 33,5-тен 99,8% -ға дейін, дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзы кемінде 98% белсенді зат ретінде кіреді. 1 таблетканы еріту кезіндегі белсенді хлордың салмағы - 1,50 г.» Бұл ретте бірінші сатыдағы сот тауардың атауы мен өндірушісі техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтінін назарға алмаған, бұл 2019 жылғы 25 сәуірдегі рекламация актісінде көрсетілген, оған сәйкес конкурстық құжаттамаға (техникалық ерекшелікке) қосымшада көрсетілген талаптарға, атап айтқанда тауардың атауына сәйкессіздіктің анықталуына байланысты тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан. Бірінші сатыдағы сот нарықта ұсынылған және қолжетімді, құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларды қоспағанда, Заңның 38-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейтінін көрсеткен. Апелляциялық сот алқасы аталған тұжырымдармен келіспеді, өйткені «Хлормисепт Люкс» препараты нарықта еркін қол жетімді және мемлекеттік сатып алу құны айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспайды. Сот алқасы сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауардың атауын көрсетуге толық құқығы бар екенін, ал аталған конкурстың жеңімпазы болған жауапкер оны ескермегенін көрсеткен.

#Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан