Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Жамбыл облысының Шу аудандық соты құрамында: төрағалық етуші судья М.М. Тілеубеков, сот отырысының хатшысы Ж.Ә. Әйділдаевтың, мемлекеттік айыптаушы - прокурор Г.О. Абуеваның, жәбірленушілер - Н.Б.К, Ж.Б.А, К.К.Р, Р.Т.С, Г.Б. УА.К. КА.Б. РК.Б. БР.Б. РН.А. ЖА.М. ЕГ.Б. ОА.С. АҰ.С. ТЕ.А. АГ.Д. ЕЖ.А. АА.Қ. А, сотталушы - Ә.А. Ш, қосымша қорғаушы Г.Ж. Т, қорғаушы - адвокат Г.Т. Саржановтың қатысуларымен ашық сот отырысында жалпы тәртіппен қылмыстық істі қарады, ол бойынша: ӘАШ, 8 қыркүйек 1990 жылы Жамбыл облысында туылған, ұлты - қазақ, білімі орта, заңды некеде тұрған, жұмыссыз, бұрын сотты болмаған, тұрғылықты жері: Жамбыл облысы, Шу қаласы, ….. көшесі №2 үй, 1 пәтер, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі -ҚК) 190- бабының 4-бөлігінің 2) тармағында және 190-бабының 3-бөлігінің 1,4) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін сотқа берілген. Ә.А.Ш. меншікке қарсы ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықты төмендегі мән-жайларда жасаған. 1-эпизод. Ә.А.Ш 2019 жылдың тамыз айында «МЛомбард» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (әрі қарай ЖШС) жанындағы бос орында тырнақ шебері болып жұмыс істеп жүріп, соңғыда оңай жолмен пайда табу мақсатында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденуді аса ірі мөлшерде жасауға және ақшаны қарызға алып, оны қайтармайтынын біле тұра ақшаны өзінің пайдасына иемденуге бағытталған қылмыстық ойы туындаған. Ол өзінің қылмыстық құқық бұзушылыққа бағытталған ойын жүзеге асыру мақсатында сеніміне кіретін тұлғаны іздестірген.

Содан өзінің танысы «Бақтияр» базарындағы «Айтош» асханасының аспазшысы болып жұмыс істейтін жәбірленуші Н.А. Ж. оған тырнағын жөндетуге барған. Осы кезде ол өзінің қылмыстық құқық бұзушылыққа бағытталған ойын ақырына дейін жеткізу мақсатында, жәбірленуші Н.А. Ж. сол жердегі «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл оқиғадан бей хабар болған А.Р. О. арқылы істейтінін айтып сеніміне кірген. Ә.А.Ш «М-Ломбард» ЖШС-нің жанындағы бос орында жұмыс істеп жүргендіктен сол ЖШС-тің қызметкерлерімен байланысы бар екендігіне сеніп жәбірленуші Н.А. Ж., шамамен 2019 жылдың тамыз айының ортасында, алғашқыда өзінің жиған 1 764 000 теңге ақшасын жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында Ә.А.Ш қолма-қол берген. Содан Ә.А.Ш айтқандарына және салған ақшасының ай сайынғы пайызын алып отырғанына сенген жәбірленуші Н.А. Ж. туыстарынан қарызға алып, оларға ескертпестен Ә.А.Ш Шу қаласы, Сатпаев көшесі №215 мекен-жайында орналасқан жұмыс орынына апарып қолма-қол және соңғының айтуы бойынша анасы Н. К. 8-707-857-77-87 абоненттік нөміріне тіркелген «Каспий голд» қондырғысына 13.07.2020 жыл 300 000 теңге, 15.09.2020 жылы 119 000 теңге, 27.01.2021 жылы 70 000 теңге, 01.05.2021 жылы 150 000 теңге, 25.05.2021 жылы 250 000 теңге, 19.06.2021 жылы 100 000 теңге, 08.09.2021 жылы 238 000 теңге, 03.11.2021 жылы 300 000 теңге, 05.11.2021 жылы 410 000 теңге, 10.11.2021 жылы 1 000 000 теңге, 23.11.2021 жылы 2000 теңге, 06.12.2021 жылы 993 000 теңге жалпы 3 932 000 теңге, ақша аударымдарын жасап, 10 921 000 теңге ақша қолма-қол жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында беріп отырған. Сөйтіп, Ә.А.Ш өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Н.А. Ж. жалпы құны 16 617 000 теңге мүліктік залал келтірген. 2-эпизод. Ә.А.Ш, 2020 жылдың қазан айында өзімен бірге шаштаразшы болып жұмыс істеген Е.А. А. сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 15 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Әрі қарай, жәбірленуші Е.А. А. күдікті Ә.А. Ш. «М-Ломбард» ЖШС-нің қасындағы бос орында тырнақ шебері болып жұмыс істеп жатқанына және сол ЖШС-тің қызметкерлерімен байланысы бар болар деп айтқанына сеніп, 24.10.2020 жылы «КМФ» банкінен өзінің атына несиеге алған 1 500 000 теңге ақшасына 500 000 теңге қосып 2 000 000 теңге қылып сол күні Ә.А. Ш. қолма-қол берген. Осыдан кейін жәбірленуші Е.А. А.Ә.А. Ш. берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң ешбір ойсыз 2020 жылдың желтоқсан айынан 2022 жылдың наурыз айына дейін жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында 4 540 000 теңге ақшаны қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Е.А. А. жалпы құны 6 540 000 теңге мүліктік залал келтірген. 3-эпизод. Ә.А. Ш., 2021 жылдың сәуір айында жәбірленуші Г.Д. Е. сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 12 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан. Алайда, жәбірленуші Г.Д. Е. науқастанып, Шу қалалық ауруханасында емделіп жатқанда Ә.А. Ш. оған қайта-қайта ақша салуын айтуын қоймаған соң, 28.04.2021 жылы өзінің отбасымен үй алуға жинап отырған 2 500 000 теңге ақшасын енесі И. У. және күйеуі Е. А. тапсырып, Ә.А. Ш. апарып беруін өтінген. 28.04.2021 жылы жәбірленуші Г.Д. Е. күйеуі Е. А. және енесі И. У. аталған ақшаны Г.Д. Е. жұмыс орыны яғни, Шу қаласы, Сатпаев көшесінде орналасқан «Бақтияр» базарының ішінде орналасқан «Айтош» асханасында Р. Ж. көзінше қолмақол қолхат арқылы берген. Содан жәбірленуші Г.Д. Е. 2022 жылдың ақпан айында Ә.А. Шаймерденовадан берген ақшасының жиналғандағы соммасы қанша болғандығын сұрағанда 4 900 000 болғандығын және өзіне сатып алуға үй іздей беруін айтып сендірген.

Жәбірленуші Г.Д. Е. күдікті Ә.А. Ш. айтқандарына сеніп, өзіне сатып алуға Шу қаласынан үй іздей бастаған. Сонымен қатар, 2022 жылдың сәуір айында жәбірленуші Г. Д. Е. Ә.А. Ш. жиналған ақшасын беруін өтінген. Алайда, Ә.А. Ш. оған АҚШ долларының курсы және алтын бағасы көтеріліп жатқанын айтып тағы сендірген. Осылайша Ә.А.Ш. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Г.Д. Е. жалпы құны 2 500 000 теңге мүліктік залал келтірген. 4-эпизод. Ә.А. Ш. 2021 жылдың мамыр айында танысы К.Б. Б. сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші К.Б. Б. күдікті Ә.А. Ш. айтқанына сеніп, «Сольво», «Жусан», «КМФ» банктерінен несие алып, 07.10.2021 жылы 480 000 теңге, 14.12.2021 жылы 500 000 теңге, 14.12.2021 жылы 240 000 теңге, 31.12.2021 жылы 379 000 теңге, 16.01.2022 жылы 10 000 теңге, 11.02.2022 жылы 25 000 теңге, 15.02.2022 жылы 511 000 теңге жалпы 2 145 000 теңгесін, Ә.А. Ш. анасы Н. К. 8-707- 857-77-87 абоненттік нөміріне тіркелген, Ә.А. Ш. қолданысындағы К. Н. атаулы «Каспий голд» қондырғысына аударған. Осыдан кейін жәбірленуші К.Б. Б. күдікті Ә.А. Ш. берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң оған сеніп, ешбір ойсыз ақшасының қалған бөлігін және алтын бұйымдарын Ә.А. Ш. жұмыс орынына барып 3 655 000 теңге ақшасын қолмақол берген. Осылайша Ә.А. Ш. өзінің өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші К.Б. Б. жалпы құны 5 800 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

5-эпизод. Ә.А. Ш. 2021 жылдың мамыр айында өзінің қылмыстық құқық бұзушылыққа бағытталған ойын жүзеге асыру мақсатында, өзімен бірге сұлулық салонында бірге жұмыс істейтін жәбірленуші Ұ.С. Т. сеніміне кіру үшін ай сайын пайызбен қайтаратынын айтып жалпы 510 000 теңге ақша сұраған. Ә.А. Ш. айтқандарына сенген жәбірленуші Ұ.С. Т. ешбір ойсыз жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында 2022 жылдың наурыз айында 510 000 теңге ақша қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Ұ.С. Т. жалпы құны 510 000 теңге мүліктік залал келтірген. 6-эпизод. Ә.А. Ш. 2021 жылдың тамыз айында жәбірленуші А.С. А. сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса айсайын ақшасының 10 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші А.С. А., Ә.А. Ш. айтқанына сеніп, 05.08.2021 жылы «Каспий банкінен» өзінің атына 500 000 теңге және «Хоум кредит» банкінен 500 000 теңге несие рәсімдеп және өзінде болған 500 000 теңге ақшасын қосып 1 500 000 теңге қылып, сол күні Ә.А. Ш, жұмыс орынында қолма-қол берген. Осыдан кейін жәбірленуші А.С. А, Ә.А. Ш, берген ақшасын бір мәрте алған соң және сәуір айында салған ақшаларын ай сайынғы алатын ақшасы 30 пайызбен қайтарылатынына сеніп, ешбір ойсыз 01.11.2021 жылы 650 000 теңге ақшасын Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-….. абоненттік нөміріне тіркелген, К.Н. атаулы «Каспий голд» қондырғысына аударып, 164 000 ақшасын Ә.А. Ш. жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.С. А. жалпы құны 2 314 000 теңге мүліктік залал келтірген. 7-эпизод. Ә.А. Ш. 2021 жылдың қыркүйек айының ортасында құрбысы және отбасы болып араласатын жәбірленуші Ж.Б. А. сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанынайтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, істен бейхабар болған А.Р. О. арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші Ж.Б. А., Ә.А. Ш. айтқанына сеніп, 11.10.2021 жылы 50 000 теңге, 12.10.2021 жылы 450 000 теңге, 31.10.2022 жылы 1 000 000 теңге, 26.02.2022 жылы 960 000 теңге, 26.02.2022 жылы 200 000 теңге және 11.04.2022 жылы 380 000 теңге жалпы 3 040 000 теңге ақшаларын Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-,,,,,, абоненттік нөміріне тіркелген, К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына өзінің атынан, анасы Ш. А, және күйеуі Б. Ч, атынан аударып отырған. Жәбірленуші Ж.Б. А, күдікті Ә.А. Ш, жасаған аударымдарынан, 1 090 000 теңге ақшасы алтынға инвестиция ретінде қайтарылса, 1 950 000 теңгесі қайтарылмаған. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Ж.Б. А, жалпы құны 1 950 000 теңге мүліктік залал келтірген. 8-эпизод. Ә.А. Шаймерденова 2021 жылдың қазан айында өзінің құрбысы жәбірленуші Н.Б. К, сеніміне кіру мақсатында, «МЛомбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан. Жәбірленуші Н.Б.К, Ә.А. Ш, айтқандарына сеніп 22.10.2021ж. КМФ банкінен өзінің атына 1 000 000 теңге ақша несиеге алып, Ә.А. Ш, жұмыс орынында соңғыға қолма-қол берген. Әрі қарай, Н.Б. Копбаева Ә.А. Ш, айтқандарына сеніп, 25.10.2021 жылы өзінің анасынан қарызға 1 000 000 теңге ақша алып, оны да жұмыс орынына апарып, қолма-қол берген. Күдікті Ә.А. Ш, өзінің алдауына түскен жәбірленуші Н.Б. К, біліп қоймас үшін салған ақшасының 20 пайызы ретінде 2021 жылдың қараша айының басында 200 000 теңгесін берген. Содан Ә.А. Ш, іс-әрекетіне еш күдіктенбеген жәбірленуші Н.Б. К, өзінің және күйеуі Б. К, атынан «Каспий банкінен» несиелер алып, Ә.А. Ш, айтуы бойынша ақшаның бір бөлігін анасы Н. К, 8-707-,,,,, абоненттік нөміріне тіркелген, К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына 02.02.2021 жылы 883 000 теңге, 26.02.2022 жылы 300 000 теңге жалпы 1 183 000 теңге ақшаларын өзінің атынан және күйеуі Б. К, атынан аударып, 3 517 000 теңге ақшасын соңғының жұмыс орынына апарып, қолма-қол беріп отырған. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Н.Б. К, жалпы құны 6 500 000 теңге мүліктік залал келтірген. 9-эпизод. Ә.А. Ш, 2021 жылдың желтоқсан айының 5- күні өзінің жұмыс орынында яғни, сұлулық салонында еден жуушы А.М. Е, сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақшасалса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтып сенімге кірген. Әрі қарай, жәбірленуші А.М. Е, Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 2021 жылдың желтоқсан айының 5-күні «Каспий банкінен» 500 000 теңге ақша өзінің атына несие алып, сол күні Ә.А. Ш, жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында қолма-қол берген. Осыдан кейін жәбірленуші А.М. Е, Ә.А. Ш, берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте яғни 400 000 теңгесін алған соң оған сеніп, ешбір ойсыз 19.02.2022 жылы «Каспий банкінен» өзінің атына 500 000 теңге несие рәсімдеп, күдікті Ә.А. Ш, жоғарыда көрсетілген жұмыс орынына барып, қолма-қол берген. Осылайша күдікті Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.М. Е, жалпы құны 600 000 теңге мүліктік залал келтірген. 10-эпизод. Ә.А. Ш, 2021 жылдың желтоқсан айының 18- күні құрбысы әрі отбасы болып араласатын жәбірленуші Г.Б. У, сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 17 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл істен бейхабар болған А.Р. О, арқылы істейтіні туралы айтқан.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Әрі қарай, жәбірленуші Г.Б. У, Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 2021 жылдың желтоқсан айының 21-күні «Каспий банкінен» 1 000 000 теңге ақша несие алып, сол күні Ә.А. Ш, анасының атына тіркелген, К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына ЖСН арқылы Шу қаласы, Ж. Т, көшесінде орналасқан «Голд Империя» сауда үйіндегі терминал арқылы аударған. Осыдан кейін жәбірленуші Г.Б. У,Ә.А. Шаймерденоваға берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң оған сеніп, ешбір ойсыз 27.02.2022 жылы 400 000 теңге ақшасын Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-,,,,,, абоненттік нөміріне тіркелген К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына аударып, 240 000 теңгесін соңғының Шу қаласы, Сатпаев көшесі №,,, мекен-жайында орналасқан жұмыс орынында қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Г.Б. У, жалпы құны 1 640 000 теңге мүліктік залал келтірген. 11-эпизод. Ә.А. Ш, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында құрбысы Н.Б. К, туған әпкесі жәбірленуші Р.Б. Р, сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші Р.Б. Р,  Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында 1 000 000 теңге ақшасын алып Ә.А. Ш, жұмыс орынында қолма-қол берген. Осыдан кейін жәбірленуші Р.Б. Р,  Ә.А. Ш, берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң оған сеніп, ешбір ойсыз Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-,,,, абоненттік нөміріне тіркелген, К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына 25.04.2022 жылы 950 000 теңге және 50 000 теңге, 18.04.2022 жылы 550 000 теңге ақша аударып, қалған 225 000 теңге ақшасын соңғының жұмыс орынында қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Р.Б. Р, жалпы құны 2 775 000 теңге мүліктік залал келтірген. 12-эпизод. Ә.А. Ш, 2022 жылдың ақпан айында Н.Б. К, туған әпкесі жәбірленуші А.Б. Р, сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса айсайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл істен хабары жоқ А.Р. О, арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші А.Б. Р,  Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 2022 жылдың ақпан айында «Халық банкінен» өзінің атынан 1 000 000 теңге ақша несиеге алып, Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-,,, абоненттік нөміріне тіркелген, К. Н, атаулы «Каспий голд» қондырғысына аударған. Осыдан кейін жәбірленуші А.Б. Р,  Ә.А. Ш, берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң оған сеніп, ешбір ойсыз 2022 жылдың ақпан айынан сәуір айлары аралығында Ә.А. Ш, анасы Н. К, «Каспий голд» қондырғысына 1 350 000 теңге ақша аударған. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.Б. Р, жалпы құны 2 350 000 теңге мүліктік залал келтірген. 13-эпизод. Ә.А. Ш, 2022 жылдың ақпан айында құрбысы Ж.А. А, Алматы қаласынан келгенін біліп, соңғының қалжағдайын сұрауды сылтауратып, мекен-жайына барған. Әрі қарай екеуі өзара сөйлесу барысында Ә.А. Ш,  құрбысы Ж.А. А, сеніміне кіру үшін, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 6 айдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатыны туралы айтқан. Жәбірленуші Ж.А. А,  Ә.А. Ш, бала кезінен бірге өсіп, Алматы қаласында бір жатақханада тұрып жақсы араласқанынан кейін оған сеніп, өзінің жинаған ақшасынан 1 000 000 теңгені алып, Ә.А. Ш, өзінің мекенжайында қолма-қол берген. Сонымен қатар, Ә.А. Ш, жәбірленуші Ж.А. А, алтынға инвестиция құны алтынның бағасы және АҚШ долларының бағасы көтеріліп жатқанын айтып, енді салынған ақша ай сайын 30 пайызбен түсетіні туралы айтып сендірген. Оның бұл алдауына жәбірленуші Ж.А. А, ешбір ойсыз сеніп, өзінің жинаған 1 500 000 теңге ақшасын Ә.А. Ш, жоғарыда көрсетілген мекен-жайында қолма-қол берген. Әрі қарай, Ә.А. Ш, 2022 жылдың наурыз айында жәбірленуші Ж.А. А, салған ақшасының пайызы ретінде 350 000 теңге ақша берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Ж.А. А, жалпы құны 2 000 000 теңге мүліктік залал келтірген. 14-эпизод. Ә.А. Ш, 2022 жылдың наурыз айының 18-күні танысы жәбірленуші Р.Т. С, сеніміне кіру мақсатында, «МЛомбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл істен бейхабар А.Р. О, арқылы істейтіні туралы айтқан. Жәбірленуші Р.Т. С,   Ә.А. Ш, айтқандарына сеніп өзінің күйеу баласы М. К, 1 000 000 теңге қарызға алып, 21.03.2022 жылы 990 000 теңге ақшаны жәбірленуші Н.Б. К, күйеуі Б. К, атынан, күдікті Ә.А. Ш, айтуы бойынша соңғының анасы Н. К, 8-707-,,,,, абоненттік нөміріне тіркелген «Каспий голд» қондырғысына аударып, 10 000 теңгесін соңғының жұмыс орынында қолма-қол берген. Ә.А. Ш, өзінің алдауына түскен жәбірленуші Р.Т. С, біліп қоймас үшін салған ақшасының 20 пайызы ретінде 20.04.2022 жылы 200 000 теңгесін беріп, соңғыға осы айда ақша салатын болса 30 пайызбен қайтарылатынын айтып сендірген. Ә.А. Ш, сөзін естіген жәбірленуші Р.Т. С, соңғыдан алғашқы салған ақшасы үшін пайызын алғанын сеніп, ақшасын көбейту мақсатында Ә.А. Ш, үйінде болған 800 000 теңге ақшасын, өзінің Шу қаласы, Ақбура көшесі №,, мекенжайында қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Р.Т. С, жалпы құны 1 600 000 теңге мүліктік залал келтірген. 15-эпизод. Ә.А. Ш, 2022 жылдың наурыз айында танысы А.К. К, сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл істен бейхабар А.Р. О, арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші А.К. К, Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 24.03.2022 жылы «Каспий банкінен» өзінің атына 800 000 теңге несие алып, Ә.А. Ш, жұмыс орынына барып қолма-қол қолхат арқылы берген. Осыдан кейін жәбірленуші А.К. К,  Ә.А. Ш, берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте алған соң және сәуір айында салған ақшаларын ай сайынғы алатын ақшасы 30 пайызбен қайтарылатынына сеніп, ешбір ойсыз 26.04.2022 жылы «КМФ» банкінен өзінің атына 840 000 теңге несие рәсімдеп, сол күні Ә.А. Ш, жұмыс орынына апарып қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.К. К, жалпы құны 1 640 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

16-эпизод. Ә.А. Ш, 2022 жылдың наурыз айында өзіне тырнағын жөндетіп жүрген жәбірленуші Г.Б. Омбаеваның сеніміне кіру мақсатында, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса айсайын ақшасының 20 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл істен бейхабар болған А.Р. О, арқылы істейтіні туралы айтқан. Әрі қарай, жәбірленуші Г.Б. О,  Ә.А. Ш, айтқанына сеніп, 24.03.2022 жылы «Хоум кредит» банкінен өзінің атына 1 000 000 теңге несие алып, сол күні Ә.А.Ш, күйеуі Е.Т. О,, Ш. О, және А. С, қатысуымен Шу қаласы, Сатпаев көшесінде орналасқан «Сауда Сервис» орталық базарындағы сауда орынында қолма-қол берген. Осыдан кейін жәбірленуші Г.Б. О,  Ә.А. Ш, берген ақшасының айлық пайызын бір мәрте яғни, 300 000 теңгесін алған соң және сәуір айында салған ақшаларын ай сайынғы алатын ақшасы 30 пайызбен қайтарылатынына сеніп, ешбір ойсыз 20.04.2022 жылы «Каспий банкінен» өзінің атына 1 000 000 теңге несие рәсімдеп, 24.04.2022 жылы Ә.А. Ш, анасы Н. К, 8-707-,,, абоненттік нөміріне тіркелген, «Каспий голд» қондырғысына 20.04.2022 жылы 3-мәрте яғни, 500 000 теңге, 400 000 теңге және 100 000 теңге ақша аударымдарын жасаған. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші Г.Б. О, жалпы құны 1 700 000 теңге мүліктік залал келтірген. 17-эпизод. Ә.А. Ш. 2022 жылдың сәуір айының 27-күні жәбірленуші К.К. Р. сеніміне кіру үшін, соңғының Шу қаласы, Алтынсарин көшесі … бұрылыс … үй мекен-жайына барып, жаңадан сұлулық салонын ашайын деп жатқанын және соған орындық алатынын айтып, соған ақша сұрап, салон ашқан соң қайтаратынын айтып жалпы құны 1 500 000 теңге ақшасын иемденген. Осылайша Ә.А. Ш. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші К.К. Р. жалпы құны 1 500 000 теңге мүліктік залал келтірген. 18-эпизод. Ә.А. Ш. 2022 жылдың сәуір айының басында өзімен бірге сұлулық салонында жұмыс жасайтын жәбірленуші А.Қ., сеніміне кіру мақсатында, пайызға 400 000 теңге ақша бере тұруын, 20 пайызын ай сайын қайтарып тұратынын айтқан. 05.04.2022 жылы сонғының айтқанына сенген жәбірленуші А.Қ., ешбір ойсыз, өзінде болған 400 000 теңге ақшаны Ә.А., анасы Н. К, 8-707-, абоненттік нөміріне тіркелген «Каспий голд» қондырғысына аударған. Әрі қарай, Ә.А.Ш, алған бетінен қайтпай жәбірленуші А.Қ. А, ақша бар екендігін нақты біле тұра, тағы да ай сайын 20 пайызбен қайтарып тұратынын айтып, 300 000 теңге сұраған. Оның айтуына сенген жәбірленуші А.Қ., ешбір ойсыз Ә.А., 300 000 теңге ақшасын, шамамен 10.04.2022 жылы Шу қаласы, Сатпаев көшесі №.. мекен-жайында орналасқан жұмыс орынында қолма-қол берген. Осыдан кейін Ә.А. Ш, жәбірленуші А.Қ. А, сеніміне қиянат жасау мақсатында жаңадан сұлулық салонын салатынын және әр шеберге бөлек-бөлек бөлме беретінін, өз атына 500 000 теңге несие алып, ай сайын өзі төлеп тұратынын айтып сендірген. Оның айтқанына жәбірленуші А.Қ. А, сеніп, 10.04.2022 жылы «Каспий банкінен» өз атына 500 000 теңге ақша алып, Ә.А. Ш, жоғарыда көрсетілген жұмыс орынында қолма-қол берген. Осылайша Ә.А. Ш, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.Қ. Амановаға жалпы құны 1 148 000 теңге мүліктік залал келтірген. Басты сот талқылауында сотталушы Ә.А. Ш. өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысы үшін шын жүректен өкініп, өзіне қатысты бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрап, төмендегідей айғақ берді, ол, Шу қаласы, Сатпаев көшесінің бойында орналасқан «Нұрсұлтан» жиһаз сататын дүкенінің жер төресіндегі «М-Ломбард» ЖШС-нің жанында орналасқан бөлмедегі орында тырнақ шебері болып жұмыс істегенін. Оған дейін «Бақтияр» базарындағы дүнгіршектердің бірінде шаштаразшы болып жұмыс істегенін. 2019 жылдан 2022 жылдар аралығында, жәбірленушілер Н.Б. К., Ж.Б. А., К.К. Р., Р.Т. С., Г.Б. У., А.К. К,, А.Б. Р, К.Б. Б, Р.Б. Р,, Н.А. Ж,, А.М. Е,, Г.Б. О,, А.С. А,, Ұ.С. Т,, Е.А. А,, Г.Д. Е,, Ж.А. А,, А.Қ. А, «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 20-30 пайызын алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі, бұл оқиғадан бей хабар болған А.Р. О, арқылы істейтінін айтып сенімдеріне кіргенін.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Соның салдарынан, жәбірленуші Н.Б. К, 6 500 000 теңгесін иемденіп алып, 2 000 000 теңгесін қайтарылғанын, 4 500 000 теңгесін, Ж.Б. А, 1 950 000 теңгесін иемденіп алғанын, 500 000 теңгесін қайтарылғанын, 1 450 000 теңгесін, Р.Т. С, 1 600 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 1 100 000 теңгесін, Г.Б. У, 1 640 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 1 140 000 теңгесін, А.К. К, 1 640 000 теңгесін иемденіп, 1 000 000 теңгесі қайтарылып, 640 000 теңгесін, А.Б. Р, 2 350 000 теңгесін, Г.Б. Б, 5 800 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 5 300 000 теңгесін, Р.Б. Р, 2 775 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарып, 2 175 000 теңгесін, Н.А. Ж, 16 617 000 теңгесін иемденіп, 9 117 000 теңге қайтарылып, 7 500 000 теңгесін, А.М. Е, 600 000 теңгесін иемденіп, 500 000 қайтарылып, 100 000 теңгесін, Г.Б. О, 1 700 000 теңгесін иемденіп, 700 000 теңгесін қайтарып, 1 000 000 теңгесін, А.С. А, 2 314 000 теңгесін иемденіп, 664 000 теңгесін қайтарылып, 1 650 000 теңгесін, Ұ.С. Т, 510 000 теңгесін иемденіп, қайтарып бергенін, Г.Д. Е, 2 500 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарылып, 1 900 000 теңгесін, Ж.А. А, 2 000 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарылып, 1 400 000 теңгесін, А.Қ. А, 2 000 000 теңгесін иемденіп, 1 600 000 теңгесін қайтарылып, 400 000 теңгесін, Е.А. А, 6 540 000 теңгесін иемденіп, 3 740 000 теңгесін қайтарылып, 2 800 000 теңгесін алып мүліктік залал келтіргенін айтып, айғақ берді Сотталушы Ә.А. Ш, өз кінәсін толық мойындағанымен қатар, оның қылмыстық әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған және басты сот талқылауында зерделеніп талқыланған құжаттармен толық дәлелденеді. Атап көрсеткенде, басты сот талқылауында жәбірленушілер ретінде жауап берген: Н.Б. К. сотталушы Ә.А. Ш. оны алдап, яғни «М-Ломбардта» алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салсаң ай сайын 20 пайызбен қайтарылады деп оның 6 500 000 теңгесін иемденіп алып, 2 000 000 теңгесін қайтарып, 4 500 000 теңгесін, Ж.Б. Ахметова сотталушы Ә.А. Ш. оны алдап, 1 950 000 теңгесін иемденіп алғанын, 500 000 теңгесін қайтарып, 1 450 000 теңгесін, Р.Т. С. 1 600 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 1 100 000 теңгесін, Г.Б. У. 1 640 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 1 140 000 теңгесін, А.К. К. 1 640 000 теңгесін иемденіп, 1 000 000 теңгесі қайтарылып, 640 000 теңгесін, А.Б. Р. 2 350 000 теңгесін, Г.Б. Б. 5 800 000 теңгесін иемденіп, 500 000 теңгесін қайтарып, 5 300 000 теңгесін, Р.Б. Р. 2 775 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарып, 2 175 000 теңгесін, Н.А. Ж. 16 617 000 теңгесін иемденіп, 9 117 000 теңге қайтарылып, 7 500 000 теңгесін, А.М. Е. 600 000 теңгесін иемденіп, 500 000 қайтарылып, 100 000 теңгесін, Г.Б. О. 1 700 000 теңгесін иемденіп, 700 000 теңгесін қайтарып, 1 000 000 теңгесін, А.С. А. 2 314 000 теңгесін иемденіп, 664 000 теңгесін қайтарылып, 1 650 000 теңгесін, Ұ.С. Т. 510 000 теңгесін иемденіп, қайтарып бергенін, Г.Д. Е. 2 500 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарылып, 1 900 000 теңгесін, Ж.А. А. 2 000 000 теңгесін иемденіп, 600 000 теңгесін қайтарылып, 1 400 000 теңгесін, А.Қ. А. 2 000 000 теңгесін иемденіп, 1 600 000 теңгесін қайтарылып, 400 000 теңгесін, Е.А. А. 6 540 000 теңгесін иемденіп, 3 740 000 теңгесін қайтарылып, 2 800 000 теңгесін алып қайтармағаны туралы көрсетіп, қазіргі таңда сотталушы Ә.А. Ш. барлығы кешіргенін, оған қатысты бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды сұрап, айғақ берді. Сот талқылауында жәбірленуші К.К. Р. 2022 жылдың 27 сәуірінде кешкі сағат 19:00 шамасында үйіне қызының құрбысы Ә.А. Ш. келгенін, ол өзінен анда-санда қарызға ақша алып, айтылған уақытында беріп тұратынын. Сол күні Ә.А. Ш. үйге келген кезде өзінен 1 500 000 теңге қарыз ақша, яғни жаңадан сұлулық салонын ашып жатқанын айтып, соған орындық аламын деп айтқанын.

Оған ешбір ойсыз және ешбір қолхатсыз 1 500 000 теңге ақшасын бергенін. Сол күні А.Б. Р. Ә.А. Ш. Шу қаласының тұрғындарын алдап алаяқтық жолмен ақшаларын алып, қайтармай жүргені туралы естігенін, және солармен бірге Шу аудандық полиция бөліміне арызданғанын айтып, айғақ берді. Сондай-ақ, сотталушы Ә.А. Ш. өзіне келтірілген мүліктік залалды жартылай өтегенін, қазіргі таңда оны кешіргенін айтып, жеңіл жаза қолдануды сұрады Сотта даусыз анықталғандай, сотталушы Ә.А. Ш. жәбірленушілерден ақшаларын алу барысында бір ғана тәсіл қолданған, яғни, жәбірленушілерге алтынға инвестиция жүріп жатқанын айтып және қарыз ақша алып, оны қайтармай алдап ақшаларын жымқырған. Сотталушының, мемлекеттiк айыптаушының, қорғаушының пікірлерін тыңдап, iстегi әрбiр дәлелдеменiң қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелердiң жиынтығын қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалап, сот сотталушы Ә.А. Ш. тағылған айып бойынша кінәсі толығымен анықталған және дәлелденген деп санайды.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Алайда, сот, алдын-ала тергеп тексеру орнымен сотталушы Ә.А. Ш, ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 1,4) тармақтарымен тағылған айыбы артық тағылғанына байланысты, оның айыбынан алынып тасталуға жатады деп санайды, себебі ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінде осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қамтиды және қылмыстық іс тағылған айыптың шеңберінде қаралды. Осыған орай, сот, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен сотталушы Ә.А. Ш, қылмыстық іс-әрекеттері түпкілікті ҚК-тің 190- бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен дұрыс сараланған деген тұжырымға келді, себебі ол, алаяқтық, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді ірі және аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасаған. Сотталушыға жаза тағайындағанда, сот, ҚК-тің 52,53,54 - баптарын ескеріп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 25-шы маусым 2015 жылғы №4 “Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы” нормативтік қаулысын басшылыққа ала отырып, оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, сонымен бірге оның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ, тағайындалған жаза оның түзелуіне ықпалы ететінін ескереді. ҚК-тің 54-бабында көзделген жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды, сот, сотталушы Ә.А. Ш, іс-әрекетінде таппады. Сот, ҚК-тің 53-бабында көзделген сотталушы Ә.А. Ш, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, сот, қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші мәрте жасағанын, бұл үшін шын ниетпен өкінгендігін, кінәсін толық мойындағанын, тұрғылықты мекен-жайынан жағымды және ұнамды жағынан мінезделетінін, өзі әйел адам болғандығын, кәмелетке толмаған үш жас балаларының барын, жәбірленушілер оны кешіргендерін, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды жартылай өтегенін, өтелмеген залалдың мөлшерін толық өтеуді жолдасы екеуі қолхат беру арқылы мойнына алғандығын, жасалған қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтірілмегенін, оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінезқұлқын, жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде табады. ҚК-тің 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Сот, сотталушы Ә.А. Ш, қатысты жаза тағайындау кезінде, жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде және сотталушының жеке басына берілген мәліметтерге баға бере келе, жәбірленушілердің оған қатысты бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындау туралы пікірлерін ескеріп, оған тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі ең төмен жаза тағайындауды дұрыс және әділ деп есептейді, себебі бұл жаза түрі әділ және оның түзелуіне ықпал етеді, сондай-ақ басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алады. Сондықтан, ҚК-тің 46-бабының 5-бөлігінің 2)-тармағына сай, сотталушы Ә.А. Ш, бас бостандығынан айыру жазасының өтелуі қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде тағайындалу қажет. Бірақ, сот, ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігіне сай, сотталған Ә.А. Ш, 16.03.2020 жылы туылған жас қызы – Ж.З.Ғ, болуына байланысты жазаны өтеуін 5 (бес) жыл мерзімге кейінге қалдыруды дұрыс деп табады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» №4 нормативтік қаулысының 20 тармағына сай, сотталушыны кiнәлi деп таныған ҚК-нің бабы санкциясында мүлікті тәркілеу қосымша жаза ретінде көзделген жағдайларда ғана ол тағайындалуы мүмкін. Тәркілеуге жататын мүлік үкімнің қарар бөлігінде анық көрсетілуге тиіс. Тәркілеу сотталғанның және (немесе) үшінші тұлғалардың меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен табылған не заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа сатылып алынған мүлікке, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікке ғана қолданылуы мүмкін. Тәркілеу нысанасына мүлікті жатқызу ҚПК-тің 113-бабының үшінші бөлігі ережелеріне сәйкес дәлелденуге тиіс мән-жай болып табылатынын ескеру қажет. Осыған байланысты мүлікті, оның ішінде үшінші тұлғаларға ресімделген мүлікті тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде, соттар осы мүліктің және мүлік сатылып алынған қаражаттың шығу тегін айғақтайтын дәлелдемелерді тексеруі тиіс. Егер істе мүліктің шығу тегінің қылмыстық сипаты туралы мәліметтер болмаса немесе мүлік мүлдем анықталмаса, мүлікті тәркілеу, оның ішінде қосымша жазаның осы түрінің міндетті түрде тағайындалуын көздейтін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің баптары бойынша тағайындалмайды. Мұндай жағдайда ҚК-тің 55-бабын қолдану талап етілмейді.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Соттың мүлікті тәркілеу жөнінде қабылдаған шешімі үкімде ҚК-тің 48-бабында көзделген негіздердің болуына немесе болмауына сілтеме жасалып, барлық жағдайда уәжді болуға тиіс. Сотталушы Ә.А. Ш айыпталып отырған ҚК-тің 190- бабының 4-бөлігінде қосымша жаза ретінде сотталғанның мүлкін тәркілеу көзделген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы Ә.А. Ш, меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен табылған не заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа сатылып алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктері анықталмаған. Осыған орай, сотталушы Ә.А. Ш, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктерінің анықталмауы оған мүлікті тәркілеу қосымша жазасын тағайындамауға негіз болады. Бұдан басқа, сот, сотталушы Ә.А. Ш, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кезде ешқандай мемлекеттік қызметте болмағандығына байланысты, оған қатысты ҚК-тің 50-бабын қолданбауды дұрыс деп табады. ҚК-тің 62-бабының 3-бөлігінің 2) тармағына сай, сотталушы Ә.А. Ш, үкім заңды күшіне енгенге дейін 2022 жылдың 24 мамырынан бастап күзетпен ұстау уақыты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні бір жарым күні есебімен жаза мерзіміне есептелінуі тиіс. Бұдан бөлек, сот, азаматтық талапкерлердің азаматтық жауапкер Ә.А. Ш материалдық зиян өндіру туралы талап арыздарынан бас тартуларын қабылдап, 2022 жылдың 19 қыркүйектегі бөлек қаулымен ол бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Іс бойынша заттай дәлелдеменің тағдыры ҚПК-тің 118-бабының 3- бөлігінің 4) тармағының негізінде шешілуге жатады. ҚПК-тiң 177-178-баптарының талаптарына сай сотталушыдан мемлекет кірісіне өндіруге жататын процестік шығындар болмаған. Сонымен қатар, сотталушы Ә.А. Ш, мәжбүрлі төлем өндірілуге жатады, өйткені ҚК-нің 98-1-бабына сай жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан осы Кодекстің 98-2-бабында белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры» туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алады.

Сот тағайындалған жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды

Сотталушы Ә.А. Ш, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті ауыр қылмыстар санатына жататындықтан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілуге жатады. ҚПК-нің 387-390, 393, 395-398, 401, 402-баптарын басшылыққа алып, ҮКІМ ЕТТІ: Ә.А.Ш, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын. Ә.А.Ш, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге белгіленсін. ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігіне сай, сотталған Ә.А.Ш, тағайындалған жазаны өтеуін 5 (бес) жыл мерзімге кейінге қалдырылсын.

Адвокат Алматы Заңгер Алматы Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Қазақстан Адвокат Қазақстан Заңгер Қазақстан Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Қазақстан Заң компаниясы

Скачать документ