Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Верховный суд Кассационная ходатайство на казахском

Верховный суд Кассационная ходатайство на казахском

Верховный суд Кассационная ходатайство на казахском

Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь по телефону; +7 (700) 978-57-55 Верховный суд Кассационная ходатайство на казахском

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының касациялық

сатыдағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39.

+7 (7172) 74-77-18

Жәбірленуші/Азаматтық талапкер: …………..

ЖСН:.....................

Алматы қаласы, …… ықшам ауданы …. үй.

тел: 8 707 ………..

Сотталушы/Азаматтық жауапкер: ……

ЖСН: ……..

Алматы қаласы, Орбита – 2 ықшам ауданы, ….. үй, пәтер№48.

тел: 8 707 ………….

 

Өтінішхат

күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы

       31 қазан 20….. жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында судья ………….. төрағалығымен, процеске қатысушылармен Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры ………… мемлекеттік айыптаушы ретінде, сотталушының қорғаушысы, адвокат ………….., жәбірленуші …………… және аудармашы ………….. қатысуларымен ашық сот мәжілісінде жалпы тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен сотқа берілген, 1969 жылғы 21 наурызда Жамбыл облысында туылған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Алматы қаласы, «Орбита-2» ықшам ауданы, №… үй, №48 пәтерде тұратын, жұмыс істемейтін, жоғарғы білімді, тіркелген некеге тұрмайтын, сотталмаған, бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған ……………… қатысты қылмыстық істі қарап онда Сотталушы ………….. бөтеннің мүлкін алдап және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру ниетімен, 20… жылы шілде айында жәбірленуші …………… Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылдық округінен 8 соттық жер телімін 12 000 АҚШ долларына алып беремін деп алдап, жәбірленушінің сеніміне кіріп, сенімділік қатынастарды пайдалана отырып және қабылдаған міндеттемені орындауға ниеті болмайтынын біле тұра, 20… жылы 30 шілдеде Алматы қаласы, Шаляпин мен Саиын көшелерінің қиылысында жәбірленушінің 6000 АҚШ долларын, сол уақыттағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңгеге шаққандағы бағамына сай, 899 580 теңгесін алдап алып, оны өз керегіне жаратып, ақшаны қайтармай, ірі мөлшерде алаяқтық жасап, жәбірленушіге аталған сомаға залал келтірген, сонымен қатар  жәбірленуші ………….. сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде …………. 6 000 АҚШ долларын материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қойғанын және сот отырысы барасында Сотталушы тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушімен өзінің танысы Митрясова арқылы хабарласқанын, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылдық округінен жер телімін 12 000 АҚШ долларына алып беремін деп, оның 6 000 АҚШ долларын, сол уақыттағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңгеге шаққандағы бағамына сай 899 580 теңгесін 20… жылғы 30 шілдеде Алматы қаласы, Шаляпин мен Саиын көшелерінің қиылысында алғанын, ешқандай жер телімін алып беруге мүмкіндігі болмағанын, қәзіргі кезде келтірілген мүліктік залалды толық өндірілгенін айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрағанын Анықтап.

            Сот тараптардың пікірін тыңдап,

және жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәлі адамның жеке басын, оның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайларды саралай келе, Үкім етті: …………… 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабы 3-бөлігі б)-тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 1997 жылы қабылданған ҚК-тің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған мүлкі тәркіленбей, үш жылға сынақ мерзімі мен пробациялық бақылау белгіленсін және сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын және оқуын ауыстырмау жүктелсін.