1-1-бап. Күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы
Күзет іс-шаралары – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларының жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.
Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.07.04 № 335; жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы