⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы 

      1. Халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болғызбау трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады. 

      2. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің міндеттері: 

      1) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру; 

      2) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мәмілелерге қатысушылардың трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру. 

      3. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеу: 

      1) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 

      2) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі әділдік пен жариялылық қағидаттарына негізделеді. 

      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы