⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-2-бап. Күзетілетін адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

1-2-бап. Күзетілетін адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-2-бап. Күзетілетін адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы  

      1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.  

      2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:  

      1) Қазақстан Республикасының Президенті;  

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;  

      3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;  

      4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;  

      5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;  

      6) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      7) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      8) Қазақстан Республикасының экс-президенті;  

      9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;  

 

      10) Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; 

      11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.  

      3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетіледі.  

      4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығына күзетуші адамдар қызмет міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.  

      Ескерту. Заң 1-2-баппен толықтырылды - ҚР 2002.07.04 № 335, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы