1-бап. Азамат және мемлекет Жалпы ережелер 1-тарау Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы