⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Осы Кодекс адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

      Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.

      2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттеледі.

      4. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі – процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі.

      5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.

      6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.

      7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы