⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – аудиторлық ұйымның аудит жүргізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеуінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетi; 

      2) аудиттеу субъектiсi – аудиторлық ұйыммен аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға; 

      3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 

      4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 

      5) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 

       6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;  

      7) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргізу мiндеттемесін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 

      8) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 

      9) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргізуге мiндеттi заңды тұлға; 

      10) сақтанушы – сақтандырушымен аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан аудиторлық ұйым; 

      11) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы. 

        Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты  

       туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы