1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқару тиімділігі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті басқару мақсаттары мен нәтижелері арасындағы арақатынасты сипаттайтын көрсеткіштер;
2) меншікті басқару - меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру;
3) меншіктің мемлекеттік мониторингі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай-күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау;
4) мониторинг объектілері - жеке тұлғаларды қоспағанда, өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүргізілетін заңды тұлғалар және олардың аффилиирленген тұлғалары, мемлекеттік немесе жеке меншік мүлкінің барлық түрлері;
5) уәкілетті орган - берілген өкілеттіктер шегінде меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) ұйымды басқару - ұйым қызметінің мақсаттарын қалыптастыру мен оларға қол жеткізу үшін қажетті шаралар кешені;
7) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан оның ұлттық экономикасы қорғалуының жай-күйі;
8) экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары - отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды және металл кендерін) өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, ғарыш қызметі, агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, химия өнеркәсібі, көлік пен байланыс, электр энергиясын өндіру мен бөлу, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді өндіретін салалар;
9) экономикалық тиімділік - жұмсалған ресурстарға қатысты алынған нәтиженің арақатынасымен сипатталатын экономикалық қызметтің бағалау көрсеткіштері.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 131-IV Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы.
Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы