1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) анықтық факторы – сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент;
2-1) "бонус-малус" жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен онда сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай сақтанушыға (сақтандырылушыға) арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану салдарынан өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген адам;
4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлік құралын пайдалану – көлік құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға (оның ішінде жол-көлік оқиғасы), сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
9-1) көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу – көлік оқиғасы туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда ресімдеу;
10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
11-1) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі – көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда сақтандыру жағдайын реттеу;
11-2) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
12) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
13) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
15) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
16) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
17) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
18) стандартты шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
18-1) таргеттелетін шығындылық – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша шығындылықтың нысаналы көрсеткішін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін пайдаланылатын коэффициент;
19) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы