⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Концессиялар туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Концессиялар туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері – қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері; 

      3) жекешелік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер; 

      3-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) концессия шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды концессионер орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот; 

      4) концедент – Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы; 

      5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға; 

      6) концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет; 

      7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) – концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

      8) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін. 

      Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

      8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады; 

      9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру – концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер; 

      10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу; 

      11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негiздеме) – маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама; 

      12) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым – концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым; 

      14) концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; 

      15) концессия объектісін құру – Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу; 

      16) концессия объектісін пайдалану – концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы; 

      17) концессия объектісін реконструкциялау – жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар; 

      18) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм; 

       19) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 

       22) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 

      23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      24) тiзбе – орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi; 

      25) тікелей келісім – осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

 Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы