⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары; 

      2) арнаулы техника - пестицидтердi қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық; 

      3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар; 

      4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары; 

      4-1) биоагенттер – табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер; 

      5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары; 

      6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны; 

      7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметін Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі; 

      8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы; 

      8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар; 

      9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм; 

      10) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар); 

      11) пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар; 

      12) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім; 

      13) пестицидтердiң бастапқы компоненттерi - пестицидтердi өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар; 

      14) пестицидтердiң қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады; 

      15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi; 

      15-1) пестицидтерді уақытша тіркеу – пестицидтерді уақытша мемлекеттік тіркеу; 

      16) пестицидтер тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі; 

      16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі; 

      17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      17-1) тіркелуші (өтініш беруші) – пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға; 

      18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi; 

      19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау; 

      20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi; 

      21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi; 

      22) фитосанитариялық іс-шаралар – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы. 

       Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы