⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өзара сақтандыру туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өзара сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Өзара сақтандыру туралы Заңы 

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

       1) қосымша жарна - өзара сақтандыру қоғамы мүшесiнiң өзара сақтандыру қоғамының өзара сақтандыру ережелерiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда қосымша енгiзетiн сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгi;  

       2) өзара сақтандыру - сақтандыру нысандарының бiрi, онда әрбiр сақтандырушы өзара сақтандыру қоғамының мүшесi болып табылады;  

       3) өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;  

      4) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы. 

      Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы