1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келiсiмнiң негiзiнде депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеу жөнiндегi рәсiмдердi орындайтын банк;
2) банк - екiншi деңгейдегi банк;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
4) жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердiң осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтiн төлемдерi;
5) кепiлдiк берiлген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiсi болып табылатын депозит;
6) кепiлдiк берiлген өтем - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген депозит бойынша депозиторға төлейтiн ақша сомасы;
6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі – депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;
7) қатысушы банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);
8) қатысушы банктiң куәлiгi - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке беретiн және оның депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатынын куәландыратын құжат;
9) қосылу шарты – банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;
10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы