1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы
1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау разряды – жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ;
1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
5) мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) сәйкестендiру нөмiрi - сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтер туралы жазбаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сандық нышандар кезектiлiгi түрiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
7) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат - тiркеу органы беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң бар екендiгiн растайтын құжат;
8) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру - нәтижесiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) туралы мәлiметтердiң негiзiнде уәкiлеттi орган сәйкестендiру нөмiрiн құратын процесс;
9) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi - жеке және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есептерiн жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер;
10) тiркеушi органдар – мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендіру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
2. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасының осы бапта көрсетiлмеген арнайы ұғымдары осы Заңның тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
3. Құжаттарда сәйкестендiру нөмiрлерiн көрсеткен кезде:
1) ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi үшiн;
2) БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi үшiн ресми қысқарту болып танылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңы.
Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы