1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Сыртқы барлау туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау ақпараты – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынатын және (немесе) пайдаланылатын ақпарат;
1-1) барлау іс-шарасы – барлау міндеттерін шешу үшін сыртқы барлау субъектілері жүзеге асыратын жария және жария емес іс-қимылдар;
1-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы – ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы барлауы – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын жария және жария емес барлау, ұйымдастыру және басқару шараларының жүйесі;
2-1) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – сыртқы барлау органы) – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
3) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне орай барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану, сондай-ақ мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы