1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық – тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;
2) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
4-2) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;
6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;
7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану – тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;
10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
11) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
12) ұжымдық тауар таңбасы – бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi – бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы