⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Төтенше жағдай туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Төтенше жағдай туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай; 

      1-1) әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуал – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамасының қолданылу, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін ахуал; 

      1-2) дағдарыстық ахуал – адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қалпына келтіру үшін уақытша шектеулер қолдану, ал ерекше жағдайларда төтенше ахуал немесе төтенше жағдай режимін енгізу және осы Заңда көзделген негізгі және қосымша шараларды қолдану талап етілетін ахуал; 

      2) жергiлiктi жердiң коменданты – Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам; 

      3) жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган; 

      4) коменданттық сағат – арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi; 

      5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара; 

      6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары – Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы; 

      7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия – төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы