⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам; 

      1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 

      2) отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар; 

      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі); 

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені; 

      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері -  тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы