⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға; 

      1-1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс; 

      1-2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      1-3) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар; 

      1-4) жаңартылатын энергия көздері – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын; 

      2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       3) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға; 

      4-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі – ауқымы шағын объект) – жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым; 

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      5-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар; 

      7) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы – электр энергиясын өндіруге арналған, жаңартылатын энергия көздері пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдық; 

      8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым; 

      8-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері; 

      9) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       9-1) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      9-2) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар; 

      9-3) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      9-4) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым; 

      9-5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      9-6) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады; 

      9-7) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      9-8) тікелей тұтынушылар – жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар; 

      10) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф; 

      10-1) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар; 

      11) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      11-1) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы; 

      12) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      12-1) электр энергиясын жинақтау жүйесі – электр энергиясын жинақтауға, сақтауға және беруге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, онымен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым; 

      13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға; 

      14) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы. 

      Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы