⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) жекеше нотариус – нотариаттық iс-әрекеттi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негiзiнде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әдiлет органында есепке алу тiркеуiнен өткен Қазақстан Республикасының азаматы; 

      2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетi; 

      3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 

      4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 

      5) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 

      6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 

      7) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемесін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 

      8) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 

      9) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргізуге мiндеттi заңды тұлға; 

      10) сақтанушы – сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус; 

      11) үшiншi тұлға – жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi нотариаттық iс-әрекеттер жасауға байланысты кәсiби мiндеттерiн жекеше нотариустың орындауы кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға; 

      12) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.   

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 Заңы. 

       Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы