⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  Алқабилер туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  Алқабилер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  Алқабилер туралы Заңы 

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

       1) алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;  

       2) алқабиге кандидат - Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес кейiннен алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың бірыңғай тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматы;  

      3) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       4) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       5) алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмi - азаматтардың тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасы айқындайтын санын қамтитын, облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың тiзiмi;  

      6) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       7) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       8) кездейсоқ таңдау - iрiктеудiң кездейсоқтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн технологияларды пайдалана отырып, алқабиге кандидаттардың бірыңғай тiзiмiнен азаматтарды iрiктеу;  

       9) облыстық және оған теңестiрiлген соттың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi азаматтар саны - соттардың алқабилердiң қатысуымен қарауына жататын iстердің жылдық орташа саны негiзiнде белгіленетiн азаматтардың болжамды саны.  

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңы. 

       Осы Заң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқабилердiң қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, алқабилердiң құқықтық мәртебесiн, тәуелсiздiгінің кепiлдiктерiн, олардың қызметiн қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы