1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде осы Заңның және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
2) органикалық өнім айналымы – органикалық өнімді әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, органикалық өнімді өткізу (сатып алу-сату немесе жеткізу) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестері және өзге де процестер;
3) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесі – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның органикалық өнім және оның құрамдастары туралы, органикалық өнім өндіру процесі мен айналымы туралы деректерді қамтитын ақпараттық жүйесінің бір бөлігі;
4) органикалық өнімді таңбалау – тұтыну орамасына және (немесе) көлік орамасына жапсырылған немесе оларға салынған не соларға қоса берілетін, тұтыну орамасына, көлік орамасына немесе ақпарат жеткізгіштің өзге де түріне жазбалар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілемелер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде органикалық өнім туралы ақпаратты түсіру;
5) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі – органикалық өнім өндірудің органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы тұтынушыларды хабардар ететін сәйкестік белгісі;
6) органикалық өнім өндіру – нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды;
7) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің негізінде алынған, органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат;
8) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік);
9) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы