⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) адам саудасы – адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оларға қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не қанау мақсатында азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттерді жасау, оның ішінде күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру немесе өзге де мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану, алдау немесе сенімді теріс пайдалану, қызмет бабын, материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану арқылы жасау; 

      2) адам саудасына қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесі – адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасы құрбандарына көмек көрсету, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметінің жиынтығы; 

      3) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар) – ішкі істер органдары және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      4) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері – уәкілетті мемлекеттік органдар, өз құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, коммерциялық емес ұйымдар, туристік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген халықаралық ұйымдар; 

      5) адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған және бюджет қаражатынан қаржыландырылатын заңды тұлғалар; 

      6) адам саудасының құрбандарын оңалту – құрбанның психологиялық және (немесе) тәндік жай-күйін нұқсан келтірілгеннің алдындағы жай-күйге дейін қалпына келтіру жөніндегі әрекеттер; 

      7) адам саудасының құрбаны – адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру фактісінің бар-жоғына қарамастан, адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілген адам, сол сияқты Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленуші деп танылған адам; 

      8) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – адамды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасының құрбаны деп тану рәсімі; 

      9) адам саудасының ықтимал құрбаны – өзіне қатысты адам саудасына байланысты қылмыстар жасауға жағдайлар туғызатын, материалдық, психологиялық немесе өзге де тәуелділігі, кәмелетке толмауы немесе егде жаста болуы, жетімдігі немесе ата-ана қамқорлығының болмауы, мүгедектігі, психикалық және өзгедей ауруы, психикаға белсенді әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдалануы, жұмыссыздығы, баспанасыздығы (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), реттелмеген құқықтық мәртебесі салдарынан болатын осал жағдайдағы адам, сондай-ақ адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендіруден өткенге дейін адам саудасының болжамды (болуы мүмкін) құрбаны. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы