1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңы
Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы