1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi 1 Тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 1-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05. № 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11. № 154 Заңымен, 2003.07.10 № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы