10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері Концессиялар туралы Заңы
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне:
1) концессиялық жобаны консультациялық қолдап отыруды, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.
Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы.
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы