10-1-бап. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
1. Кеңестің мүшелері өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) Кеңестің тапсырмасы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда Ассамблеяның мүддесін білдіруге, сондай-ақ олардың консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына кіруге;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының сессиялары мен кеңестері отырыстарының жұмысына қатысуға;
3) Кеңестің отырыстарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Ассамблеяның жұмыс органы арқылы өтініштер жіберуге;
5) Ассамблеяның жұмыс органына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, сондай-ақ басқа да адамдарды көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Кеңестің мүшесі Кеңестің жұмысына, сондай-ақ Ассамблея ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға міндетті.
Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы