10-1-бап. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар Күзет қызметі туралы Заңы
1. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру уәкілетті орган айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.
1-1. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар мыналардың:
1) сабақтар жүргізу үшін санитариялық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың;
2) меншік құқығында не жалға алу шартымен атыс даярлығы бойынша сабақтар жүргізу үшін атыс тирінің;
3) оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың;
4) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіптік құзыреті саласында практикалық дағдылары бар және күзет қызметі саласында кәсіптік жұмыс тәжірибесін жинақтаған, мамандарды оқыту процесіне тартылып жүрген оқытушылардың болуын көздейді.
Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын уәкілетті орган бекітеді.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көрсетілген адамдар;
2) шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарының құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары бола алмайды.
3. Мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі:
1) таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайларда;
2) сот шешімі бойынша тоқтатылады.
Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 405-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы