⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері Сақтандыру қызметі туралы Заңы

10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне: 

      1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету; 

      2) ішкі құжаттарды әзірлеу; 

      3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын білуге емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат беру; 

      4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау; 

      5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 

       6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;  

      7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті. 

      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы