10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң
1. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес айқындалатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың негізінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілердің болуы негіз болып табылады, бұл ретте объектілер:
мемлекеттік органның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, олардың және мемлекеттік органның қарауындағы және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылатын органдар, ұйымдар болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік органның ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде болады;
мемлекеттік орган іске асыратын саясат саласында (аясында) қызметті жүзеге асыру үшін арналған (пайдаланылады).
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері үшін әзірленетін нұсқаулықтарды қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар:
күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;
күзетілетін объектілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін – сыртқы барлау субъектілерімен келісіледі.
2. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау мақсатында террористік тұрғыдан осал нақты объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйі туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады. Шектеуге жататын ақпарат түрлері осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
Ескерту. 4-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы