10-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң
Ескерту. 10-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес:
1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;
2) үлгілік паспорттың негізінде – террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;
3) террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналымен олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру;
4) уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қатысу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.
5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Терроризм актісі жасалған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.
1-1. Террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілері тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналымен оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес орындайды.
2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.
3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілерінің осы бапта көзделген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Ескерту. 4-тарау 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы