10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi 2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу Автомобиль көлiгi туралы Заңы
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы.
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы