10-бап. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі Босқындар туралы Заңы
1. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келісімен күнтізбелік бес күн ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезінде нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгіне алады.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгінуге тиіс.
4. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар адам ұсталған кезден бастап бір күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді.
5. Адаммен бірге келген оның он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде - ата- анасының бірінің өтінішхатына, ал ата-анасы болмаған кезде, олардың заңды өкілдерінің өтінішхатына енгізіледі.
6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі, оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны болатын жері бойынша есепке қою жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны дактилоскопиялық тіркеу жүзеге асырылады.
7. Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.
Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы