⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Ерлер мен әйелдердің еңбек қатынастары саласындағы тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің қатысуы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы

10-бап. Ерлер мен әйелдердің еңбек қатынастары саласындағы тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің қатысуы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Ерлер мен әйелдердің еңбек қатынастары саласындағы тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің қатысуы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы 

      1. Ерлер мен әйелдерге еңбек қатынастары саласында, оның ішінде: 

      1) еңбек шартын жасасу кезінде; 

      2) бос жұмыс орындарына теңдей қол жеткізуде; 

      3) біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қызметте жоғарылау мәселелерінде тең құқықтарға және тең мүмкіндіктерге кепілдік беріледі. 

      2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделмеген құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес. 

      3. Бас келісімдерге, салалық (тарифтік), өңірлік келісімдерге және ұжымдық шарттарға мыналарды: 

      1) ерлер мен әйелдердің еңбек нарығындағы тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін; 

      2) ерлер мен әйелдердің жалақы бойынша тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін; 

      3) отбасылық міндеттері бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды; 

      4) ұйымда және оның құрылымдық бөлімшелерінде кадрларды жасақтау кезінде теңдей жағдайды қамтамасыз ететін ережелер енгізілуі мүмкін. 

      4. Еңбек нарығында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарға жүгінуге құқылы. 

      5. Жұмыс беруші жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік жағдайлары туралы құзыретті органдарға шағым жолдаған қызметкерге кедергі жасауға құқылы емес. 

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV Заңы. 

      Осы Заң ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы