10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің, толысылған шарап пен дистилляттың импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан және дистилляттардан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
1-1. Алкоголь өнімінің импортына техникалық регламентте көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.
Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерге сәйкес келуге тиіс.
1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.
3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құрылатын еркін қоймаларда этил спиртiн, толысылған шарапты және дистиллятты өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.
5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы.
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы