10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
Пайдаланушы ұйымдар:
осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға;
радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға;
иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге;
жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға;
қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап, оларды есепке алуға;
өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге;
қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға;
қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға;
азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.01.2016 № 443-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы