⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты  3-тарау. КЕШЕНДI КӘСIПКЕРЛIК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫ МЕН ТҮРЛЕРI Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы

10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты  3-тарау. КЕШЕНДI КӘСIПКЕРЛIК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫ МЕН ТҮРЛЕРI Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты  3-тарау. КЕШЕНДI КӘСIПКЕРЛIК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫ МЕН ТҮРЛЕРI Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы  

      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) шартта көзделген, атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауы мен қорғалатын коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, патенттi және т.с.с.) пайдалану құқығын қамтитын айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешендi) лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақы үшiн беруге мiндеттенедi. 

      2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты лицензиардың лицензиялық кешенiн, iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн белгiлi бiр көлемде (атап айтқанда, пайдаланудың ең аз және (немесе) ең көп көлемiн белгiлей отырып), пайдалану аумағын көрсетiп немесе көрсетпей, қызметтiң белгiлi бiр саласына қатысты пайдалануды көздейдi. 

      3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты, сондай-ақ:  

      1) қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты берудi, шарттың бүкiл мерзiмi iшiнде кешендi лицензиатқа басқару, техникалық және ақпараттық жағынан ұдайы жәрдемдесудi; 

      2) кешендi лицензиатқа пайдалануға берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалануға қатысты талаптарды кешендi лицензиаттың орындауын кешендi лицензиар тарапынан бақылау шараларын да көздей алады. 

      4. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330 Заңы. 

      Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мазмұнын айқындайды және Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қызметтi дамыту мен мемлекеттiк қолдауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы