⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi  4 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi  4 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi  4 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы 

       Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің  қаруды, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.  

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және әскери қызметшісі, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң (әскери қызметшісінің) өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.  

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң және (немесе) әскери қызметшілерінің өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.  

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.04 № 335; 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы