10-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру Өсімдіктер карантині туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 23), 24) және 26) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау, көлік құралдарын қарап-тексеру, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық шаралар жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкінің сақталуына бағытталған.
3-1. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелердегі;
2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – сұрау салу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күні, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай айқындалады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы