⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс. 

      2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. 

      3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі. 

      3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өз атауы бар мөрді иелене алады.  

      Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады. 

      4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. 

      5. Осы баптың мемлекеттік органдардың міндеттемелерін белгілейтін ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қолданылады. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы