⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 

      Интернет-ресурсты желілік басылым ретінде есепке қою ерікті түрде жүзеге асырылады. 

      2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. 

      3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады. 

      4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша: 

      1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлiк берген болса; 

      2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса; 

      3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе; 

      4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе; 

      5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мәлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады. 

      5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. 

      Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды. 

      Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 

      Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 

      Меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралын шығару тоқтатылады. 

      6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады. 

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы. 

       Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы