10-бап. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы құқықтары 3-тарау. ӨТІНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ (ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ, ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ, ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы
Өтінім берушінің (өндірушінің, өнім берушінің, импорттаушының) жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер әзірлеуге қатысуға;
2) химиялық өнімнің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеуге;
3) химиялық өнімнің сапа менеджменті мен қауіпсіздігі жүйелерін енгізуге;
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының міндетті талаптарына сәйкес келетін стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
5) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін химиялық заттар туралы дұрыс ақпарат алуға;
6) химиялық өнімнің қатерлерін бағалауға зерттеу жүргізу туралы уәкілетті органдарға жүгінуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы