10-бап. Пайда алушының құқықтары Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы
Пайда алушының:
1) осы Заңда және қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты, сондай-ақ оның пайдасына жасалған аннуитет және зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттарының көшірмелерін тегiн алуға;
3) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеру мәселелерi бойынша шешiмдерге уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға;
7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге;
8) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
9) осы Заңның 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды және санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтетуге құқығы бар.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы.
Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы